«Құрметті Президент!»: Роза Рымбаева Тоқаевқа ашық хат жолдады

Қысқаша

«Құрметті Президент!»: Роза Рымбаева Тоқаевқа ашық хат жолдады

Еліміздің бір топ мәдениет қайраткерлері қамауға алынған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады.

Screenshot_2.jpg

Хаттың толық нұсқасын Роза Рымбаева желідегі парақшасында жариялады. Онда Қайрат Боранбаевтың осы уақытқа дейін бірқатар өнер өкілдеріне қолдау көрсеткені атап өтілген. 

"Біздер осынау азаматпен туған бауыр-туыс болмасақ та, бізді жақындастырған қазақтың мәдениеті мен ән өнері еді.

Боранбаев Қайрат - бүгінгі күнге дейін қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына, соның ішінде осы жолды арқалап жүрген өнер өкілдеріне әркез қамқоршы болып қана қоймай, керек кезінде қаржылай көмек берген қамқоршы-меценат еді. Осы азаматтың көмегімен қаншама жас талант өздерінің биігіне көтеріле білді. Қаншама өнер майталмандары жеке концерттерін, жеке альбомдары мен бейне клиптерін жарыққа шығарды. Жас буынның жоғары білім алуына, көптеген ата-ананың тұрмыс-тіршілігінің қалыпқа келуіне мұрындық болды", - делінген ашық хатта.

"Құрметті Президент!

Біздер, төмендегі көрсетілген өнер өкілдері - қазіргі кезде басына іс түсіп, тергеліп жатқан Боранбаев Қайрат Советайұлының ісінің обьективті түрде ашық және жеңіл болуына қамқоршы болуыңызды өтіне сұраймыз", - деп жазылған хатта.

Аталған ашық хатқа Роза Рымбаева, Байғали Серкебаев, Нұрлан Албан, Нұрлан Абдуллин, Нұрлан Қоянбаев, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және тағы да басқа 70-тен аса ән және кино өнерінің майталмандары қол қойған.