Толық автоматтандырылған фабрика

Қысқаша

Фабрика халықаралық стандартқа сай өнім шығарады. Нәтижесінде Шымкенттен бөлек барлық өңірлерге тасымалдануда. Сондай-ақ Орталық Азия елдеріне және Ресей мен Беларусь мемлекеттеріне экспортталады.

Screenshot_6.png

«Қазақстанда жасалған» деген статусы бар отандық өнім шығарушы кәсіпорындар қарқынды дамып келеді. Оған дәлел ретінде Шымкент қаласында бой көтерген ірі кәсіпорындардың бірі -  "Тассай" индустриалды аймағында орналасқан "Mega smart" компаниясын айтуға болады. Компанияда ең алғаш шағын гараж бен екі жұмысшы ғана болса, ал бірнеше жыл бұрын шеберханада санаулы ғана станок болған. Бүгінде ай сайын 30 мың шаршы метр плита мен 5 мың жиһаз шығарылады. Барлық жұмыстар толығымен автоматтандырылған. «Mega smart» компаниясының мега жобасы бар, яғни онда жиһазды роботтар дайындайды. Бұл кәсіпорынның кірісін арттыруға көмектескен.

"Адамдар баяғыда мебельді қолмен тескен кезде қате кететін. Ал аппараттарды 0,1 мм-ге дейін өлшетіп, оны талай тексеріп, өзіміз көзімізді жеткізгенбіз. Бұл жерде ешқандай қателік шықпайды",- дейді жиһаз фабрикасының шебері Ербол Тұрмаханов.

Фабрика халықаралық стандартқа сай өнім шығарады. Нәтижесінде Шымкенттен бөлек барлық өңірлерге тасымалдануда. Сондай-ақ Орталық Азия елдеріне және Ресей мен Беларусь мемлекеттеріне экспортталады. Айта кетейік, кәсіпорын халықаралық сертификаттаудан өткен. Сонымен қатар қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін берілетін ISO-14001 экологиялық сапа менеджменті және OHSAS сертификаты бар.

Зауытта бояулар жасалатын жеке зертхана құрылған. Мұнда түрлі түстерге тәжірибе жасалады. Компания рельеф түрінде жабынды жасаудың технологиясына патент алған. Фабрика, осылайша, жиһаз индустриясына инновациялар алып келді. Бұл жұмыстар отандық жиһаздың сапасы мен бағасының қолайлы болуы үшін қажет.


    A+
Уақыты: 2021-11-15  Айдарша: Өңір
TAG: