Сүт өндірісінің көлемі артты

Қысқаша

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жанданып келеді. Қалада шаруашылық кооперативтер саны 52 болса, биыл олардың құрамына 27 шаруашылық пен 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған.

Screenshot_2.png

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жанданып келеді. Қалада шаруашылық  кооперативтер саны 52 болса, биыл олардың құрамына 27 шаруашылық пен 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған. 

 Өткен жылы малшаруашылығы бағытындағы «TURAN Agroproduct» пен  «SILK WAY SAYRAM» агроөнеркәсіптік кооперативі өз жұмысын бастаған болатын. 

Биыл тиісті басқарма тарапынан қосалқы шаруашылықтарды біріктіретін кооператив құру үшін елді мекендерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде алты ауыл шаруашылығы коопераивтері құрылып («SAIRAM CUT», «Асия Агро», «Салиев Аскар агро», «Мейіржан агро», «NUR AGRO», «Бек-Тас Шым»), бүгінде жұмысы жанданып отыр.

 Биыл аталған кооперативтерде өндірілген сүт көлемі үш мың тоннаға жеткен. Бұл өз кезегінде жеке және қосалқы шаруашылықта өндірілген өнімнің нарыққа шығуына зор үлесін қосумен бірге, қалада сүт өндірісінің көлемінің артуына ықпал етті.  

Сонымен қатар өндірілген сүтке мемлекеттік қолдау да көрсетілуде. Жыл басынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен аталған кооперативтерде өндіріліген сүттің бір литріне 20 теңге субсидия берілуде. 


    A+
Уақыты: 2021-11-22  Айдарша: Өңір
TAG: