Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды

Қысқаша

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша

Бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте 22 қазақстандық коронавирустан, 8 азамат пневмониядан көз жұмған. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1423 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 14760, 181 өлім жағдайы тіркелді. 

Бұған дейін елде тәулігіне 691 жаңа COVID-19 оқиғасы анықталғаны туралы хабарланған болатын. Жалпы елдегі вирус жұқтырғандар саны 100 855-ке жетті, аурудан 74 677 науқас қалпына келтірілді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жақын арада карантин шаралары жеңілдетілуі мүмкін. Қалыпты өмірге кезең-кезеңімен қайта оралу үкіметте талқыланған.