Ләззат Ақтаева: Барлық өңір әкімдері эпидемияға қарсы шараларды қолға алуы қажет

Қысқаша

Барлық өңір әкімдері эпидемияға қарсы іс-шараларды қолға алуы қажет.

Барлық өңір әкімдері эпидемияға қарсы іс-шараларды қолға алуы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ләззат Ақтаева: Барлық өңір әкімдері эпидемияға қарсы шараларды қолға алуы қажет

Оның атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдайды бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері табиғи ошақтар аумағындағы елді мекендерде аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды, эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қолға алу тиіс. 

«Инфекциялық аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуді; Ұлттық егулер күнтізбесіне сәйкес егілуге жататын халықты вакцинациялаумен уақтылы қамтуды; инфекциялық аурулардың табиғи ошақтары аумағында тұратын халықтың арасында олардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсыруды сұраймын», - деп өтінді ол Үкімет басшысы Асқар Маминге қарата айтқан сөзінде.