«Worldskills Turkestan 2020» чемпионаты басталды

Қысқаша

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Turkestan 2020» чемпионаты басталды.

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Turkestan 2020» чемпионаты басталды. Өңірлік іріктеу байқауында 319 студент 46 мамандық бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200609071913659e.jpg

Бірнеше мамандық бойынша байқауға қатысқан студенттердің чемпионаты 10 күнге жалғасады. Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті қалыптасады. Сондай-ақ, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны іс жүзінде қолдана алу біліктілгі сыналады. Байқаудың биылғы ерекшелігі, Түркістандағы маңызды құрылыс саласына мейлінше назар аударылып отыр. Сайыс жеңімпаздарына ұлттық чемпионатқа жолдама беріледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, арнайы сыйлықтар қарастырылған. 

Айта кетейік, жастар аталған чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Сол жылдар ішінде қол жеткізген жетістік аз емес. Мәселен, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan - 2019» V республикалық чемпионатына облыстан 33 студент қатысқан болатын. Оның ішінде 17 дарынды жас 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алған еді. Жалпы командалық есепте облыстың студенттері үшінші орынды иеленген болатын.