Сарыағашта адасып кеткен 4 жасар қыз табылды

Қысқаша

Түркістан облысының полицейлері адасып қалған төрт жасар қызды әкесімен табыстырды

Түркістан облысының полицейлері адасып қалған төрт жасар қызды әкесімен табыстырды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

200521093318270e.jpg

19 мамыр сағат шамамен 17:00 шамасында Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне Сарыағаш қаласындағы орталық көшелердің бірінде кішкентай қыздың жол бойында жылап тұрғаны жайында хабарлама келіп түсті. Мекенжайға Сарыағаш аудандық ювеналды полиция қызметкерлері жетті. Қыздан өзі жайлы толық мән-жайды сұрастырады. Нәтижесінде оның төрт жаста екенін ғана біле алады. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырды. 2-3 сағатқа созылған іздестіру шаралары нәтижесінде кішкентай қыздың мекенжайы анықталды. 

Белгілі болғандай төрт жасар қыз әжесінің үйіне қыдырып келіп, ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Әжесінің үйінен 200-300 метр қашықтыққа кетіп қалған. Үй ішіндегілер бүлдіршінді өз бетімен іздеуге кіріскен. Қыздың әкесі Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы ризашылығын білдірді.