Коммуналдық қызметтерді алу жеңілдей түсті

Қысқаша

Аталған қызметтерді оффлайн түрде көрсететін фронт-офис те ашылып жатыр.

Screenshot_5.png

Үшінші мегаполисте "Цифрлы Қазақстан"  мемдекеттік бағдарламасы шеңберінде түрлі жобалар қолға алынып, түрлі салалар цифрландыру жүйесіне көшуде. Мұның бір дәлелі Шымкентте тұрғындардың сапалы әрі тиімді, уақыт үнемдей отырып қызмет алуына жағдай жасау мақсатында іске қосылған «I-shymkent» электронды порталы. Онда коммуналдық шаруашылық қызметтер автоматтандырылған режимде жұмыс жасайды. Порталда 50 қызмет пен сервистер іске қосылған. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жыл соңына дейін тағы 20 қызмет қосылатынын айтты. Мәселен тұрғындар «Энергопоток», «Оңтүстік жарық транзит», «Су-ресурстар маркетингі» секілді коммуналдық қызмет көрсетушілерге өтініш қалдыра алады, кеңес алу, мемлекеттік және кәсіпкерлік қызметтер, азаматтарды цифрландыру бағытында онлайн оқыту жүйеге енген. Алдағы уақытта «109 Айкөмек-Шымкент» орталығының жұмысы да біріктірілмек дейді салаға жауапты мамандар. 

Аталған қызметтерді оффлайн түрде көрсететін фронт-офис те ашылып жатыр. Ол жерде 10 қызметкер жұмыс атқаратын болады. Нәтижесінде азаматтар онлайн және оффлайн да қызмет алуына мүмкіндік туады. Осылайша тұрғындар мен коммуналдық қызмет көрсетуші мамандар арасында кері байланыс нығаймақ. 


    A+
Уақыты: 2021-10-29  Айдарша: Өңір
TAG: