Ардагерлерге қамқорлық: 70-тен астам азаматқа маска таратылды

Қысқаша

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың #Бізбіргеміз бастамасы аясында Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі "Қазақстандық дипломаттар бірлестігі" РҚБ қолдауымен "Ардагерлерге қамқорлық" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

2b608025b9d415837abc8d917054a4ac.jpg

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда тұратын ҚР дипломатиялық қызметінің 70-тен астам ардагері, олардың ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, бұрынғы министрлер, Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшілері, зейнеткерлік және егде жасқа жеткен барлық санаттағы қызметкер өкілі көп рет қолданылатын қорғаныс маскаларын алды. Дипломатиялық қызмет ардагерлері өз кезегінде COVID-19 коронавирус індеті кезеңінде оларға қолдау көрсетіп, қамқорлық көрсеткен туған ведомствосына шынайы алғыстарын білдірді, - делінген СІМ хабарламасында.