Армениядан артта қалдық

Қысқаша

Өткен жылдың қорытындысы бойынша әлем елдерінің әлеуметтік даму рейтингісі жарияланды.

rbc_vibori_reytingi_pic2__6__650x410.jpg

 Рейтинг жасау кезінде әрбір елдің әлеуметтік саладағы барлық жетістігі есепке алынған. Яғни, 50-ден астам көрсеткіш ескерілген.

 

Ол көрсеткіштер адамның негізгі қажеттіліктері, аман-саулығына қажетті жағдайлар, даму мүмкіндіктері болып үш негізгі топқа енгізілген. Rankіng.kz хабарлауынша, рейтинг көшбасшысы - Норвегия. Жалпы ұпай саны - 90,95. Одан кейін Дания (90,09) мен Швейцария (89,89) келеді. Ал алғашқы ондыққа Финляндия, Швеция, Исландия, Жаңа Зеландия, Германия, Канада және Жапония енген.

 

Қазақстан 149 елдің ішінде 69-шы орынға жайғасты. Ұпай саны - 68,2. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша Қазақстан тек Қырғызстаннан (81-ші орын) озған. Беларусь 48-ші, Армения — 59-шы, ал Ресей 62-ші орында тұр.

 

Рейтингте әрбір мемлекеттің жеке топтар бойынша жинаған ұпай саны мен алған орны көрсетілген. Қазақстан “адамның негізгі қажеттіліктері” тобында  85,39 ұпай жинап, 57-ші орыннан көрінді. Ал “адамның аман-саулығына қажетті жағдайлар” жасау жағынан 70,36 ұпаймен 68-ші орынға ие болды. Бұдан бөлек, “адамның даму мүмкіндіктері” бойынша 48,84 ұпаймен 87-ші орынға шықты. Сондай-ақ еліміз тамақтану мен базалық медициналық көмек, базалық білімнің қолжетімді болуы, су мен санитария, баспанамен қамту сынды салаларда жоғары баға алса, инклюзивті жағдай жасау, жоғары білім қолжетімділігі, қоршаған орта сапасы, жеке құқықтар, денсаулық пен аман-саулық секілді әлеуметтік салада төмен баға алған.

Рейтинг газеті