Президент командалық көшуді сынға алды

Қысқаша

​Президент Тоқаев әкім ауысса, кадрлардың командамен бірге көшудің тоқтамай келе жатқанын сынға алды.

chin850_d_850.jpg 

-Көрсеткіштер есебінде мемлекеттік органдардағы ауыспалылық толықтай алғанда 6-10 пайыз нормасы шегінде екенін көрсетті. Бірақ министр немесе әкім ауысқан кезде кадрлық құрамның да айтарлықтай өзгеретіні айқын. Басшы қызметкерлердің санына қатысты нормативтер жоқ. Меритократия принциптері де барлық уақытта сақтала бермейді. Әлі күнге дейін қамқорлық және таныс арқылы, ықпалды қамқоршының көмегімен қызмет сатысында ілгерілеу жайттары бар. «Бұған жол беруге болмайды. Мұндай жүйені қоғамдық пікір арқылы да сыни сараптамаға ұшырату қажет. Басқаша мүмкін емес. Өйткені ең бастысы – нәтиже. Қазақстан қарқынды дамып, алға қарай ілгерілеуі тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде.

 

Кездесуде Тоқаев биылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің саны біртіндеп қысқартылатындығын ескертті.

 

-Інемделген қаражат барынша пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалатын болады. Жолдауымда айтылғандай, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің санын ұлттық компаниялардың қызметкерлерімен қоса алғанда 25 пайызға қысқарту жоспарланған», - деді президент.

 

Қысқарту мемлекеттік органдардың қызметіне тән емес салаларды аутсорсингке не азаматтық қоғамға беру арқылы жүзеге асырылады.

Рейтинг газеті