Сайрам ауданының аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша ауқымды шаралар өткізіліп келеді. Салаға жауапты мамандандардың мәліметнше биылғы жылы 1100 іс-шара ұйымдастырылған. Сайрамдықтар «Алтын ұям» жобасына да белсенжділік танытып келеді. Мәселен аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бойынша «Жиырма және он жылдықтар тоғысында» акциясы ұйымдастырылып түлектер өздері бітірген мектептеріне қажетті құрал-жабдықтар алып берген. Ал 10 мектепке 50 миллион қаржыға робототехника құралдары қойылған.
Ел ағаларына еліктеп жүрген сайрамдық жастардың да айы оңынан туды. Ауданда «100 жаңа есім» жобасының ІІ кезең жеңімпаздарымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сырым Ертаев, Бейбіт Бертаев, Орынбасар Құралбаймен жастар арасында кездесу өтті. Кездесу барысында аталған тұлғалар оқушыларға жетістікке жетудің жолдарын үйреніп, өз өмірлерінен сабақ алуға шақырды.
Жалпы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңіске жеткен жеңімпаздарды аудан көлемінде кеңінен насихаттау мақсатында орталық көшелерге 25 көрнекілік құралдары ілініпті.