Құрылысшылар марапатталды

Қысқаша

Құрылысшылар марапатталды

Screenshot_3.jpg

Арыс қаласын қалпына келтіруге атсалысқан 11-шы сектордың  азаматтары марапатталды. Қаланы қалпына келтіруге ат салысқан құрылысшыларға Отырар ауданының әкімі мен «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы құрмет көрсетті. Аталған аумақтағы 19 көшеде орналасқан 707 үй мен 82 комерциялық нысанның барлығына оқ қойма жарылғанда айтарлықтай зақым келген. Сол олқылықтардың орнын толтыру үшін 10 құрылыс компаниясының 15 техникасымен 450-ге жуық құрылысшы еңбек етті. Сөйтіп, белгіленген мерзім ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтады. 

 «Қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде 11-сектордағы 10-нан астам үй жаңадан тұрғызылып қалған нысандардың барлығы жөндеуден өтті. Осы жұмыстарға отырарлық құрылысшылар да белсене ат салысты. Барлық құрылысшыларға алғыс айтамын»,- деді салтанатты жиын барысында Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов. Қаланы тазалау үшін апта сайын әкімдік тарапынан сенбіліктер ұйымдастырылып, 2 айдың ішінде 19 көшеден 2,5 мың тоннадай тұрмыс қалдықтары шығарылған. Сондай жұмыстарға белсенділік танытқан азаматтарға аудандағы халық қалаулылары да құрмет көрсетті.