Тайқазанға - 620 жыл!

Қысқаша

Тайқазанға - 620 жыл!

Screenshot_10.jpg

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі Тайқазанға биыл 620 жыл толып отыр. Ал Эрмитаждан тарихи орнына қайтарылғанына тура -30 жыл.Осыған орай облыс орталығында «Қайта оралған жәдігер» атты арнайы көрме ашылып, 50-ге жуық жәдігер қойылған. Олардың барлығы тайқазанмен тікелей байланысты фотосуреттер мен құжаттар. Сондай-ақ музейдің мұрындық болуымен 2009-2014 жылдар аралығында жастар арасында өткізілетін қазақ күресінен республикалық «Тайқазан» турнирінің фотосуреттері, медалдары мен мұрағаттық құжаттары да экспозициядан орын тепкен. Айта кетейік, Алты ғасырлық тарихы бар алып тайқазанның өзі, алтын, күміс, мыс, қола, қорғасын, мырыш, қалайы секілді 7 түрлі металдың қосындысынан құйылған құнды жәдігер. Енді тарихшылар Тайқазанның мерейтойын туризмді дамыту мақсатында да пайдалануға болатынын айтады.

Түркістаннан 25 шақырым жерде Қарнақ деген ауыл бар. Қасиетті тайқазан сол ауылда ирандық Әбдул Әзиз Шарафаддин Тебризидің ұстаханасында құйылған. Жеті түрлі металдың қоспасынан ең құнды дүниені жасаған шеберлердің ұрпақтары әлі сонда тұрады