Түлкібас ауданында жыл беру маусымына дайындық өз деңгейінде жүргізілуде. Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Н. Тұрашбековтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті мәжілісінде мамандар мәлімдеді.
Мәжілісте білім бөлімінің атқарған, алда атқаратын жұмыстарының барысы және алғашқы әскери дайындық пәнінің 2018-2019 оқу жылындағы қорытындылары және 2019-2020 жылдарға арналған негізгі іс –шаралар жоспарын бекіту туралы, аудандық білім бөлімінің басшысы Қадырбек Ержан Изтайұлы баяндама жасап, өзінің ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары оң бағаға ие болып, жеткен жетістіктері үшін бірқатар мұғалімдерді заң аясында марапаттауды тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Ветеринария бөлімінің атқарған, алда атқаратын жұмыстарының барысы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу іс – шаралары туралы Онбергенов Өскенбек Орынбасарұлы баяндады. Баяндаманы тыңдай келе аудан басшысы бірқатар кемшіліктерді ескеріп, бөлім басшыларын жұмыстарын босаңсытқаны үшін сынға алып, істерін ширатуды тапсырды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе ауданда 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы және атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндама жасау үшін сөз аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Құлжабаев Сейілхан Рүстембекұлына берілді. Баяндама толығымен тыңдалып, жылу беру маусымына дайындық өз деңгейінде жүріп жатқандығы айтылды.
Жиын барысында мәжіліске қатысушылар арасынанда сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп жиналысты қорытындылады.