Ертаевты қандай жаза күтіп тұр?

Қысқаша

Алғашқы сотта ол өз кінәсін мойындады.

oohzEqpv77vsowF5SZps.jpg

Экс-банкир, Bank RBK банкіндегі қаражатты жымқыру ісі бойынша айыпталған Жомарт Ертаевтың соты басталды. Алғашқы сотта ол өз кінәсін мойындады.

 

Айта кетері, Ертаевқа қаражат жымқыруды ұйымдастырды және қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастырды деген айыптар тағылған.

 

-Осы айыптар бойынша кінәмді толық мойындаймын, - деген сотта  Ж.Ертаев.

 

Банкирдің қылмыстық ісінде 46 эпизод пен 700 том бар. Айыптау актісі 3600 парақтан тұрады.  Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Тергеу мәліметінше, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған.  Сотталушылар саны - 37, олар осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген. Негізгі фигурант -  Жомарт Ертаев, одан бөлек Bank RBK бұрынғы басқарма төрағалары Игорь Мажинов және Марпу Жакубаева, сонымен қатар «Qazaq bankі»-нің акционері Бахыт Ибрагим де бар. 

 

Жомарт Ертаев 2018 жылы қарашада Мәскеуде ұсталып, қамауға алынған болатын.

 Рейтинг газеті