«Жас алаш» басылымы жариялаған материалда Динара Құлыбаева Қазақстандағы ең бай әйел екендігі және күйеуі Тимур Құлыбаев екеуінің байлығы 5 миллиард долларды құрайтындығы айтылған. Мақала авторының сөзінше, ТМД елдері аумағынан шыққан байлардың барлығында Кеңестер Одағының таңбасы, белгісі бар. Олардың басым көпшілігі коммунистік режимнің күні батқан тұста билік басындағы топқа жақын болған адамдар.
Бұдан бөлек мақалада Динара Құлыбаеваның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы екендігі туралы, осы уақытқа дейін не істегені, қандай бизнесі бар екендігі жөнінде айтылған.
Жалпы, Динара мен Тимур Құлыбаев батыс журналистері мен АҚШ дипломаттары арасында өте танымал. Өз заманында Тимур Құлыбаевқа америкалық дипломаттар «күтімдегі миллиардер» деген ат қойған.
«Forbes Kazahstan» журналының 2019 жылғы рейтингінде 3100 000 000 доллармен Тимур Құлыбаев 3 орынға, дәл осындай соммамен Динара Құлыбаева 4 орынға жайғасқан.
Рейтинг газеті