Сарыағашта «Тәуекелдер картасы» жасалды

Қысқаша

​«Nur Otan» - халықтық партиясы құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына бағытталған экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

117622.jpg

 Партияның негізін қалаушы – Елбасының басшылығымен  Қазақстан халқы экономикасы серпінді дамыған қарымды қоғам және демократиялық мемлекет құрды. Біздің күш-жігеріміздің  басты нәтижесі  «Қазақстан -2030»  Стратегиясының негізгі межелерінің  мерзімінен бұрын жүзеге асуы болды. Бүгінгі күнде мемлекеттілікті қалыптастыру  жөніндегі тарихи міндет орындалды. Бұл-барлық қазақстандықтардың бірлігі мен келісімінің , табанды да қажырлы еңбегінің жемісі. «Nur Otan» партиясы-қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі өте ықпалды саяси күш. Партия доктринасы  оның XXІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан -2050» Стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі біздің орнымызды айқындайды. Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер басшылығының арқасында партия еліміздегі жетекші саяси күшке айналды. Партияның 20 жылдық қалыптасуы мен өсіп өркендеуіне орасан зор еңбек сіңірді.

 

Партияның  XІX сьезінде  оның жұмысын қайта жаңғырту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу тағы да басқа мәселелер көтеріліп, партия өз алдына жаңаша талаптар мен міндеттер қойылғанынан хабарларыңыз бар. Мен ең алдымен «Nur Otan» партиясының Төрағасы айқындаған Стратегия шеңберінде  және елдегі жетекші саяси күш ретінде өзінің негізгі күш - жігерін бағыттап отырған алдағы онжылдықтың 10 мақсатына тоқталайын.

 

Олар- белсенді әлеуметтік саясатқа көшу; әр адамды қолжетімді болашақтың білімімен қамтамасыз ету;  дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру; жалпыға бірдей әл-ауқат мақсаттарында экономиканың өсуі; қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау; азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау; азаматтардың мүддесінде  мемлекеттің тиімділігін арттыру; жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру; жастарды қолдау-үлкен мүмкіндіктер буыны; «Nur Otan» партиясының ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін қамтамасыз ету.

 

Аудан көлеміндегі партия филиалының  атқаратын жұмыстарының мазмұнын және негізгі  бағыт –бағдарын осы мақсаттар айқындайды.

 

Сонымен бірге , «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Төрағасы «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының  7 серпіні» атты партияны жүйелі жаңғырту  бағдарламасын ұсынды.  Бүгінгі таңда мынадай нақты жобалар негізінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олар: «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа көмек», «Заңгерлік көмек» және «Ауыл –ел бесігі» деп аталады. Бұл жобалар бойынша жергілікті жерлерде тұрақты жұмыстар атқарылуда.

 

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аумақтық филиалының қоғамдық бөлмесінің есігі аудан тұрғындары үшін әрдайым ашық. Бүгінгі таңда партия жұмысын жүйелі жаңғырту, сондай-ақ, Жолдауда айтылған тапсырмаларды  жүзеге асыру бойынша ауданымызда  «Тәуекелдер картасы» жасалды. Аталған құжатта елді мекендердегі әртүрлі әлеуметтік  мәселелердің туындауы және оларды шешу жолдары көрсетілген. Мұнда облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының  және бастауыш партия ұйымдарының үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда  шындыққа жанаспайтын ақпарат таратушылардың  көбейіп кеткені белгілі. Осы мәселе жөнінде  Елбасы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында айтып, әлеуметтік желілерді және БАҚ құралдарын тиімді пайдалануды тапсырған болатын. Аудандық филиал әлеуметтік желілерді және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану үшін жұмыстар жүргізіп келеді.

 

Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі –халыққа тиімді кері байланыс орнату , қоғаммен пікір алмасуды жолға қою. Осы міндетті жүзеге асыру бойынша барлық мемлекеттік орган өкілдері мен депутаттар қабылдауларының жоспары бекітілген. Тұрғындар шағымдарын тек қабылдауға келіп қана емес, партияның әлеуметтік желідегі парақшаларына хат жазу арқылы да білдіре алады. Ашықтық, жариялылық –біздің басты ұстанымымыз.

 

Биыл аудандық филиал бойынша қабылдау бөлмелеріне 800-ге жуық өтініш келіп түсті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 201 өтініш артық деген сөз. Демек, халықтың партияға деген сенімі жыл санап артуда. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келуші адамдардың өтініштерін саралай отырып, қоғамды не алаңдататынын анықтауға болады. Бұл өтініштердің өз шешімін табуы жоғарыда аталған 10 мақсатты жүзеге асырумен тікелей байланысты.

 

Біздің алдымызда тұрған міндеттер айқын, Ұлт мүддесін ойлайтын, мұрат –мүддесін ел игілігіне арнаған «Nur Otan» партиясы әрқашан сіздермен бірге.

 

Рейтинг газеті