Бозымбаев та кланаралық кикілжіңнің құрбаны

Қысқаша

Ақордада өткен аптада біраз өзгерістер болды.

59dca46b40214.jpg

 

Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына орай қызметтен кетсе, Қанат Бозымбаев Энергетика министрі қызметінен босатылып, Президент көмекшісі болып тағайындалды. Дархан Кәлетаев Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына Мәулен Әшімбаев келді. Сондай-ақ Мадина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босап, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы болып тағайындалды. 

 

«Qamshy.kz» осы ауыс-түйістерге байланысты саясаткер, журналист Ермұрат Бапидан пікір сұраған екен. Саясаткердің ойынша, Иманғали Тасмағамбетовтің саяси карьерасы біткенімен, саясаттағы қызметі енді басталды.

 

– Егер ол өзінің қоғам алдындағы азаматтық парызы бар деп есептейтін болса, онда ол тәуелсіз саяси қызметке біртіндеп ауысуы қажет. Ол үшін әлбетте азаматтық батылдық пен билікке таласуға жігер керек, - депті Е.Бапи. Бірақ дәл қазір Тасмағамбетовтен мұндай батылдық шыға ма, жоқ па, белгісіз.

 

Кәлетаевтың Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне келгеніне 5-6 ай ғана толғанда орнын босатуын оған қатысты жасалып жатқан ақпараттық шабуылдармен байланыстырады. «Оны кетіруге ынталы күш болды. Бірінші ол күш Қырымбек Көшербаевты кетірді. Екінші Кәлетаевтың кетуіне ықпал етті. Ол “кітапханашыл” топ тарапынан жасалуы мүмкін. Өйткені олар Ақорданың білімді, білікті саяси технологтармен күшейгеніне мүдделі емес», -деген Бапи Мәулен Әшімбаевты “кітапхананың” сынақтан өткен, соның шеңберінен шықпайтын қызметкер деп есептейді.

 

Бапи Бозымбаевтың қызмет ауыстыруын биліктегі “кландық жүйемен” байланыстырды. «Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарда Қанат Бозымбаевтың да аты аталған. Оған қатысты да жалалар жабылуда. Сондықтан ол қызметінен кете тұруға мәжбүр болған сияқты», – дейді саясаткер.

 Рейтинг газеті