Алайда «фен» сөзі құрылғының атауы емес брендттің атауы екенін бірі білсе бірі білмейді. “Foen” неміс компаниясы шаш кептіргіш құрылғыларды 1900 жылдары шығара бастады. Неміс тілінде “foen” сөзі Альпі тауынан ескен жылы жел деген мағына береді. Ал «фен» құрылғысын қолданатын өзге жұрт тауарды брендтің атымен атап кетті.
Сондай-ақ жалқыдан жалпыға өтіп кеткен өзге де атаулар жеткілікті. Мәселен “Wіllys” компаниясы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде “Wіllys JP” деп аталатын көлік шығарды. Көлік атындағы JP уақыт өте келе “джей пи” емес, “джип” деп аталып, жол талғамайтын көліктердің ортақ атына айналып кетті.
Рейтинг газеті