Жаңғақтың бір түрі саналатын фисташканың дәмі әдетте тұзды болып келеді. Алайда жеміс біз ойлғандай табиғатынан тұзды болмайды екен. Тамыз айында жиналатын жеміс ұзақ сақталмайтындықтан өндірушілер оны әдейі тұздайтын көрінеді. Сондай-ақ жаңғаққа тартымды рең беру үшін қызғылт кейде жасыл түске бояйды. Бір қызығы фисташканы түнде жинайды. Себебі күннің ыстығында жеміс дәндерінен улы эфир майы бөлінеді екен.
Кішкентай жаңғақты өндіруден әлемде бірінші орында Иран мен АҚШ тұр. Ал сіз білесіз бе, Нобель сыйлығын марапаттау рәсімінде лауреаттарға фисташка мен аққайнарды сыйға тартады.
Рейтинг газеті