Естен адастырған картина

Қысқаша

Ресей суретшісі Илья Репиннің 1884 жылы салынған «Иван Грозный және оның ұлы Иван, 1581 жылдың 16 қарашасы» атты картинасы лезде әлемге әйгілі болды.

1231.jpg

Ресей  суретшісі Илья Репиннің 1884 жылы салынған  «Иван Грозный және оның ұлы Иван, 1581 жылдың 16 қарашасы» атты картинасы лезде  әлемге әйгілі болды. Грозныйдың өз ұлын ашу үстінде өлтіріп, кейіннен қансырап жатқан ұлын құшақтап, өкініп отырған сәті кімді де болсын бей-жай қалдырмайтыны анық. Репиннің дәл осы картинасы көптеген адамның жүйкесін жұқартып, психикасын бұзған деген дерек бар.


Бірде  Третьяков галереясын аралап жүрген Абрам Балашов есімді азамат картинаны көрген кезде пышағын ала жүгіріп кенепті тілгілеп  тастаған екен.  Үш жерінен тілінген картинаны қайта қалпына келтіру үшін суретші бірнеше ай уақытын жұмсаған.

Рейтинг газеті