Чехияның астанасы Прага қаласында бүгінге дейін поштаның ерекше түрі қызмет етіп келеді. Ерекшелігі сол хаттар иесіне жер асты арқылы жетеді. Яғни хат арнайы капсулаға салынып, жер асты арқылы жүргізілген құбырға жіберіледі де артынша сорғыш арқылы жел беріледі. Осылайша хат қажетті мекен-жайға жеткен. Мұндай пневматикалық поштаны алғаш рет 1667 жылы француз физигі Дени Папен ойлап тапқан.
2002 жылы Прагада қатты су тасқыны орын алып хат тасығыш құбырлар зақымданып қалады. Алайда чехиялықтар құрбырларды қайта жөндеуден өткізіп, пошта коммуникациясын қайта іске қосқан.
Рейтинг газеті