Осы аптада қала әкімі Ерлан Айтаханов Орталық қырғы базардағы соңғы уақытта үлкен мәселеге айналған ретсіз сауда орындарын аралады.
«Біз - мегаполис қаламыз. Келер жылы шаһарымыз ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғалы отыр. Сол себептен де қаладағы ретсіз, жабайы сауда орындары жойылуы тиіс. Бұл, біріншіден заңсыз, екіншіден басқа тұрғындарға қауіпті. Аталған аумақтағы кептеліс те осының салдарынан болуда. Барлығы да халық үшін жасалуда. Өркениетті елде тұрып мұндай әрекет жасауды тоқтатуымыз керек. Біз шаһар көркіне көлеңке түсірмей, тазалықты сақтап, қауіпсіздікті мейлінше күшейтуіміз қажет», - деді сатушылармен әңгімелесу барысында Е.Айтаханов.
Қала басшысы аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
Рейтинг газеті