«Шымкентқұс» автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді

Қысқаша

Құс өнімдеріне деген сұраныс күн санап артып келеді

шымкенткус.jpg

Құс өнімдеріне деген сұраныс күн санап артып келеді. Ал отандық өнімдер ішкі нарықтағы қажеттіліктің жартысын ғана қанағаттандыра алады. Алайда Шымкентте халықты сапалы құс өнімдерімен қамтамасыз етіп, тұтынушылардың ықыласына ие болған кәсіпорындар бар. Солардың бірі «Шымкент құс» фабрикасы. 

 

 Жарты ғасырдан астам уақыт Оңтүстік халқын сапалы жұмыртқалармен қамтамасыз етіп отырған «Шымкент құс» фабрикасының жұмысымен жуырда қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып танысты. Бұл кәсіпорын Шымкент қаласындағы  бройлерлік бағыттағы бірден-бір құс фабрикасы болып табылады. Сағатына екі мың бас, жылына 2000 тонна бройлер етін шығаратын цех Ресейдің озық технологиясымен жабдықталған.

 

Бүгінде «Шымкент құс» фабрикасында 563 бас құс өсірілсе, жылына 100 млн. дана жұмыртқа өндіріледі. Кәсіпорында жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Фабрикада жалпы 300-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Рейтинг газеті