Жәрмеңкеде бәрі арзан

Қысқаша

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз жалғасын табуда

жарменке.jpg

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз жалғасын табуда. Өткен сенбіде  шырайлы Шымкент шаһарына өз тауарларын Сарыағаш және Ордабасы аудандары алып келді. Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 миллион теңгені құрайтын 83 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. Ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан саудаланды.

 

Шараға арнайы келген қала әкімі Ерлан Айтаханов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермей, жауапты мамандардан бұл мәселені қатаң қадағалауды тапсырды. Түркістан облысының екі ауданы шымкенттіктерге ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын және қолөнер бұйымдарын ұсынды.

 

Жәрмеңкеге келген шаһар тұрғындары мен қонақтары  Шымкент қаласының және Сарыағаш пен Ордабасы аудандарынан келген өнер майталмандарының концерттік бағдарламаларын тамашалады.

 

Рейтинг газеті