Бәйдібек ауданында сыныптары үй әперді

Қысқаша

Елімізде мектепті 1999 жылы бітірген түлектер өздерінің 20 жылдық кездесулері қарсаңында

13.06.jpg

Елімізде мектепті 1999 жылы бітірген түлектер өздерінің 20 жылдық кездесулері қарсаңында ізгілікті істерді қолға алып, көмекке мұқтаж отбасыларға тұрғын үй әперіп, қуанышқа бөлеп жатқанын көріп жүрміз. Соның бірі – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы Өмірзақова Ақбаланың отбасы баспаналы болды.
Пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары – 1999 жылы мектепті бітірген 20 жылдық түлектер Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар өздерінің көпбалалы сыныптас Өмірзақова Ақбаланың үйіне көрімдік ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар (кілем, ыдыс- аяқтар) алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.
Баспаналы болған Ақбала сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Өмірзақова Ақбаланың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8 сыныпта, кішісі дайындықта оқиды.
Жалпы Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап жатқан азаматтар жетерлік. Осындай қайырымдылық шаралар тоқтап қалмай жалғасын табуда.