АБәйдібек
ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың 2019 жылғы 18 маусымдағы №26 Жарлығымен «Алтын алқа» және
«Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған аналарды қабылдады. Бұл
туралы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан
әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Бақытбек Танагөзов
Борлысай, Боралдай, Жамбыл ауылдық округтері аумағының көп балалы
аналарын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иегерлері
атануларымен құттықтап, оларға төсбелгілерін салтанатты түрде табыс
етті.
55 мыңға жуық халқы бар Бәйдібек ауданында ұрпағының санын
арттырып, ел демографиясына үлес қосып келе жатқан алтын құрсақты аналар
қатары күн санап артып келеді. Бүгін олардың қатары тағы да бес анамен
толыға түсті.