“Шімән апа” ауырып жүргенін айтты

Қысқаша

Көпшілікке “Шімән апа” лақап атымен танылған Ерболат Төлегенов өзінің науқастанып қалғанын айтып берді.

maxresdefaul121212121t1.jpg

Әзілкештің айтуынша, сырқаты аса ауыр емес.

 

 - 2008 жылы Астана қаласында жігіттермен төбелесіп, бір топтың жабылып кеткені бар. Сол кезде аяқтан теуіп, сіңірі кішкене жыртылған. Сондықтан кішкене аяқ ауырады. Ұйқы без, бауыр ауырып, 6-7 жылдан бері су ішемін. Таңғы 5-те тұрсам да, су ішемін. Шөппен емдеуге барып тұрамын. Дәрінің өзі шөп қой. Дәстүрлі емге барып тұрам. Хиджама жасатамын”, - деді әзілкеш.

 

Ерболат Төлегеновке “бауыр циррозы” деген диагноз қойылғанына 8 ай болған. Жалпы, дертінің тұқым қуалайтын ауру екенін жеткізген әзілкеш, бүгінде 42 келі салмақ тастаған. Оның айтуынша, артық салмақ неше түрлі ауруға алып келеді екен.