Нұрғали Нүсіпжановтың таңдауы КТК арнасындағы “Жүрекжарды” бағдарламасын жүргізген журналист Жадыра Сейдешке түскен. Отандық журналист күйеуіне көпшілік алдында өз сезімін білдіріп, әсерлі сөздер айтты.
- “Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым, көкешім. Енді, еш уақытта ауырып, мені қорқытпаңызшы. Менің асқар тауым болып, Жамбылдың жасынан асыңызшы. Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалу керек. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырақты шаттыққа кенелтсін. Өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші” , - деп ағынан жарылды қалыңдық.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері.
Рейтинг газеті