- «Қазір айтсам, айтты дейсіңдер, белгілі әнші-әртістерге пәленше мыңға тұсау кескізеді. Осы салтты тағы біреуге жасатады. Оның сый-сияпаты бар. Ал сол ақшаға кестірген тұсаудың ниеті қабыл бола ма? Жоқ па? Білмеймін. Ондай тұсау кесу қазақтың даласында болмаған дүние ғой. Бұл не деген сұмдық? Не деген сорақылық? Не деген көргенсіздік? Тұсау кесу деген сенің ұрпағыңның бұл дүниедегі алғашқы қадамы. Әншіге сенің берген ақшаң мен малың құтты», - дейді Ырза Тұрсынзада.
Дизайнердің ойынша, 500-1000 адамға арналған тойлардың мәні жоқ. Себебі той иесі кімнің келіп, кеткенін өзі де білмей қалады. Ол адамдардың сөйлеген сөзі де есте қалмайды. Одан да ет жақын туыстарды шақырып, мағыналы да, салиқалы отырыс жасаған дұрыс. Ал ақша артылып бара жатса, тұрмысы төмен отбасыларға таратып бергені жөн. Оның сауабы да мол.
Рейтинг газеті