Әкімдердің алдында айтқызбайтын ән

Қысқаша

“Азия” мен “Бақай” тобының әншілері “Атың өшкір кредит” әнін кез келген ортада орындай алмай жүргендерін айтты.

maxresdefault.jpg

Басында несиесі бар жандарға ән арнап, клип түсірген жігіттердің айтуынша, оларға аталмыш әнді орындауға рұқсат бермейтін жерлер бар екен.

 «Бұл да бір тәжірибе болды. Біреу түсінсе, біреу түсінбеді. Әркімнің өзінің санасына берсін. Үлкен сахналарға, әкімдердің алдына шығатын кезде айтқызбай тастаған кездер болды.  Бұл туынды да бағытталған адамдарына жетті деген ойдамыз. Өйткені, кредитті кешірді. Енді өзінің мекен-жайына жеткен сияқты. Оны несиесі барлар түсінеді-ау», - дейді “Азия” мен “Бақай” әншілері.

 

Топ әншілері , кез келген ән белгілі бір топқа бағытталатындығын айтты. Сондай-ақ, “Атың өшкір кредит” туындысын да басында несиесі барлар арасында танымалдылыққа ие болғанын жеткізді.

 Рейтинг газеті