Өңірде 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам балаға арналған 184 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.
Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі.
Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдардан өтпелі.
Рейтинг газеті