Омарташылық кәсіпке қызығушылар көп

Қысқаша

Омарташылық кәсіпке қызығушылар саны жыл санап артып келеді. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданы бойынша 21 бал ара шаруашылығында 1436 ара ұясы тіркелген. Осы саланы жете меңгерген Шақпақ-баба ауылының тұрғыны Нұрақбай Тәжіқұлов.

омарташы.jpg 

-Менің негізгі мамандығым жүргізуші. Омарташылық кәсіпке сонау 1968 жылдары мектеп оқып жүргеннен бері қызығушы едім. Көршіміз бал арасымен айналысатын. Сол көршімізге көмектесіп жүріп, омарташылықтың қыр-сырын үйрендім.

 

Қазіргі таңда өзіміздің отбасылық кәсіпке айналып отыр. Бүгінде қожалығымызда 61 бал омартасы бар. Осы 61 бал омартасынан жылына 700-800 келіге дейін табиғи таза әсел жинап, еліміздің әр өңіріне өткізіп, тиімді жолмен еңбектеніп келемін. Қуантарлығы еңбек еш зая кетіп жатқан жоқ. Балға сұраныс көп. Себебі, табиғи балдың пайдасы өте жоғары. Әсіресе, денсаулыққа шипасы көп, – деді Н.Тәжіқұлов. 

 

Алдағы уақытта омарташы мемлекет тарапынан женілдетілген несиелерді пайдалынып, омарта саның 120-ға жеткізуді көздеп отыр.

 

Рейтинг газеті