Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстауды тапсырған болатын.
Осы орайда Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауылының халық көп шоғырланатын орындары мен орталық көшелерінің көлік қозғалысын бақылауға арналған 24 соңғы үлгідегі заманауи «Сұңқар» бейнебақылау камералары орнатылды.
Бұл камералар полиция қызметкерлерінің жұмыстарын жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі, осы көмекші құрал арқылы іздеген - жоғын табады, ұрының жолы кесіліп, жол ережесін бұзғандар анықталады.
Рейтинг газеті