Мамин жаңа жобалармен танысты

Қысқаша

Шымкент әуежайының терминалы жаңа кескін-кейіпке енеді. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қызу басталды, ол келесі жылдың мамырында аяқталуы тиіс. Бұл кезде сыйымдылығы сағатына 400 жолаушы болатын терминал пайдалануға беріліп, жолаушылар ағымы 10 есе арта


Сапар барысында Үкімет басшысы «Химфарм» зауытына барып, отандық фармацевтикалық индустрияның даму қарқынын тексерді. Кәсіпорында дәрі-дәрмектердің 71 түрі өндіріледі, бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аясында сатып алынатын дәрі-дәрмектердің жалпы көлемінің үштен бір бөлігінен астамын құрайды. 

 

Қазіргі кезде халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту бойынша 108 миллион АҚШ доллары болатын ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

 

Жалпы, Шымкент қаласы – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Өңірде өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Асқар Мамин индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағындағы «Shymkent Temіr» экспортқа бағытталған кәсіпорынға барды. Металлургия зауытының жобалық қуаттылығы – жылына 250 мың тонна болатты құрайды. 

 

Өңір экономикасын дамытуда «қарапайым заттар экономикасына» ерекше рөл берілген. Үкімет басшысы «Рахат-Шымкент» ЖШС-на барып, тамақ өнімдерінің өндіріс процесін көрді. Заманауи жабдықтармен жарақталған фабрика жылына 24 мың тоннаға дейін 30 аталымдағы 4 түрлі кондитерлік өнім шығарады. Асқар Маминге 2020 жылы мармелад пен қантты печенье шығаратын жаңа желіні іске қосу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғаны баяндалды.

 

Сапар нәтижесінде А.Мамин қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа Шымкент қаласы дамуының 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспарын тиімді орындауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Инвестициялық жобаларды іске асыру, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту және өндіріс көлемін ұлғайту бойынша бизнес-қауымдастықпен жұмысты жандандыру жүктелді. Бұл өңірдің ЖӨӨ көлемін 2018 жылғы 2 триллион теңгеден 2023 жылға қарай 3,5 триллионға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Рейтинг газеті