Қырғызстан ішкі істер министрлігінің тергеушілері экс-президентті куәгер ретінде жауап алуға шақырған. Тергеуге шақыру жөнінде шақырту хат та жіберген. Алайда Атамбаев тергеуге келуден бас тартып отыр.
-Не үшін ішкі істер министрлігіне баруға тиіспін. Мен ешқандай қағазға қол қоймаймын, тіпті қағазды қолыма да ұстамаймын. Билік заңға мойынұсынуы тиіс. Заңды бұлайша аяққа таптауға болмайды,-деп мәлімдеді Атамбаев. Дегенмен Атамбаев шақыру қағазын өзінің адвокатына берген көрінеді.
Атамбаевтың айтуынша, билік - билік етуден қалып барады. Олар Қырғызстан Жээнбеков пен Матрайымовтың жекеменшігі деп ойлайды. Экс-Президент мұндай цирк ойынын ойнағым келмейді.
Атамбаев бұған дейін ешнәрседен қорықпайтынын мәлім еткен еді. Бірақ қауіптің бұлты қалыңдаған сайын Атамбаевтың жүйкесі сыр бере бастаған сияқты.
Атамбаевтың нақты қандай іс бойынша жауап берге шақырылғаны белгісіз. Бірақ кейбір деректерге қарағанда, бұл іс қылмыс әлемінің серкесі, Қырғызстандағы «вор в законе» Азиз Батукаевқа, дәлірегі оның түрмеден мерзімінен бұрын босатылуына қатысты көрінеді.
Рейтинг газеті