Депутаттар әкімнің жұмысын жоғары бағалады.
Әбдірахымовтың айтуынша, биылдың 6 айында, жалпы өңірлік өнім 2 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 25 пайызға, бөлшек сауда 6 пайызға, орташа айлық жалақы 12 пайызға, халықтың жан басына шаққандағы табысы 1,7 пайызға өскен. Жұмыссыздық деңгейі жоспарланған 5,1 пайыз деңгейінде қалып отыр.
Қала бюджеті 219 миллиард теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 73 миллиард теңгеге ұлғайды. Оның ішінде өзіндік кірістер 34,7 миллиард теңгені құрады. Бюджеттің 59 пайызы әлеуметтік салаға, оның ішінде ең басым бөлігі білім саласына бағытталған.
Биыл Шымкентте құны 33,6 миллиард теңгелік 9 өнеркәсіптік жобаны іске асырып, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бүгінгі күнге, 2,8 миллиард теңгені құрайтын 3 жоба қосылып, 92 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бизнестің «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 131 жобаға көмек көрсетілді.
Шымкентте биылдың алты айында кәсіпкерлер саны 14 пайызға өсіп, 65 мыңнан асты. Ал, кәсіпкерлер өндірген өнім көлемі 166 миллиард теңгені құрап, 9 пайызға артқан.
Рейтинг газеті