Ай сайын осы мәселе бойынша есеп тыңдалатын болады. Жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, білім басқармаларының басшылары бұл мәселеге басымен жауап береді. Қажет болса, қызметінен босатамыз. Білім басқармаларының басшыларын облыстық әкімдік тағайындағанымен, министрлік оларды қызметінен босатуға құзыретті екенін естеріңізге саламын».
Білім және ғылым министрінің креслосына жуырда отырған Асхат Аймағамбетов алқалы жиында осылай деді. Иә, министр жемқорлықпен күрес бойынша жаңа стратегия қабылданатынын ескертіп, «білім басқармасының басшысы басымен жауап береді» деді. «Басымен жауап береді» деген сөзді қалай түсінуге болады?
Министр сондай-ақ, Қазақ гуманитарлық заң университетінің жанынан құрылған Жобалар офисінің жұмысына үкіметтік емес ұйым өкілдерін белсенді қатыстыру керектігін айтты.
– Біз бұл офиске үкіметтік емес ұйым өкілдерін шақырып отырмыз. Білім саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қайта құрмақпыз. Сол бойынша ұсыныстар қабылдауға дайынбыз. Министрліктің барлық бизнес-процестері бойынша жемқорлық көрсеткішіне аудит жүргіземіз. Бір процестің неге сонша ұзаққа созылатынын, оған сырттан араласу деректері бар-жоғын анықтаймыз», – деді.
Рейтинг газеті