Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аудандық мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін жергілікті тұрғынның өз үйінде есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарлама барысында тез арада тәжірибелі полицейлерден тергеу тобы құрылып, жүйелі түрде арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіледі.
Нәтижесінде, полицейлер күдікті ретінде мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін азаматты ұстады. Үйді тінту барысында күдікке ілінген азаматтың тұрғын - үйінің алдында орналасқан сарайдың ішінен 9 пакетке салынған есірткі затына ұқсас сөмке тәркіленіп алынған. Тағайындалған есірткі құралдарды, психотроптық заттарды, аналогтарды және прекурсорларды сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес, пакеттермен ұсынылған есірткі құралы – кептірілген марихуана болып шыққан. Кептірілген марихуананың жалпы қаптаусыз салмағы – 9 келіден астам.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» дерегімен тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда, Түркістан облысы полицейлері күдіктінің, аса ірі мөлшердегі есірткі затын өзінде қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда.
Рейтинг газеті