Ерлі-зайыптыларды татуластыратын орталық ашылды

Қысқаша

Таразда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында Достық үйінде «Отбасы орталығы» ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық соттың ұйымдастаруымен жұмыс істей бастаған орталық ренжісіп қалған ерлі-зайыптыларды татуластырумен айналысады.

ерли зайыпртыларды.jpg

 Орталықтың ашылу салтанатына облыстық сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева қатысты.

 

- Орталықта отбасы-неке даулары бойынша сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту  шаралары жүргізіледі. Алда мұндай іс-шараларға бітімгер судьялар, медиаторлар, психологтар мен әлеуметтанушылар қатысады. Олардың міндеті жанжалдасқан ерлі-зайыптыларды татуластыру және ажырасу санын мейлінше азайту болып табылады», - деді Ж.Рүстембеков.

 

Жамбыл облысы Әділет департаментінің өкілі Ләззат Әбішева «Отбасылық сот» жаңа жобасының қолға алынғанын мәлім етті. Бұл жобада  АХАТ органдарына өтініш білдірген жас жұптарға тегін тренинг, курстарды ұйымдастыру, ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттеріне, алименттік міндеттемелерге, бала құқықтарына байланысты құқықтық кеңес беру көзделген.

Рейтинг газеті