Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпаратына қарағанда, қаза тапқан инкассация қызметкерлеріне олармен бірге жұмыс істейтін, қазіргі уақытта еңбек демалысындағы азамат шалғайдағы мал қораға апарып тастауды өтініпті. Кейіннен екі инкассатордың өлі денелері Арыстан 35 шақырымс жерден табылған. Марқұмдар басынан атып өлтірілген.
-Полиция департаменті қызметкерлері Арыс аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сол күні кешке сағат 20:00 шамасында Арыс қаласынан 2-3 шақырым жерде «Лада Ларгус» автокөлігі табылды. Ішінде қылмыс белгісі болды, қан дақтары анықталды,- дейді Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков.
Полиция күдіктіні көп ұзатпай ұстады. Одан аңшы мылтығы мен ұрланған ақшалар табылған. Қолды болған ақшалар тұрғындардың зейнетақысы мен жәрдемақылары болған. Оның жалпы көлемі 7,5 миллион теңге. Ұсталған азамат кінәсін мойындап отыр. Оның үстінен «адам өлтіру» және «қарақшылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал екінші ұсталған азаматтың ісі «қылмыс туралы хабарламау» және «Қаруды заңсыз иемдену» баптары бойынша жүргізіліп жатыр.
Рейтинг газеті