-2018 жылы салық түсімдері жоспарының аванс төлемдер есебінен орындалғанын және есепті мерзім соңында қосымша құн салығының уақтылы өтелмеуін тағы да көріп отырмыз. Бұл кәсіпорындарды ең соңғы қаржысынан айырып, бар таяныш-тірегін жояды, бюджеттің кіріс бөлігінің нақты көрінісін бұрмалайды. Үкімет жыл сайын бұл мәселені шеше алмай келеді», - деді Д. Назарбаева Үкімет пен Есеп комитетінің есептері қаралған Сенат отырысында.
-Ақша бөлінген, ал жобаны іске асыруға толық кірісу үшін министрлік құжаттарды бір жыл бойы келіседі. Мұндай дағдыға төзе беруге болмайды. Менің ойымша, бұл мемлекеттік ақшаны төгіп-шашудың, мемлекеттік жобаларға көзқарастың көрсеткіші. Мұнымен келісуге болмайды, шешім қабылдау рәсімдерін өзгерту керек. Бюджет заңнамасын бұзу деректері анықталған кезде бюджет бағдарламаларының басшылары қызметінен босатылған жағдайда да жауапты болуға тиіс. Және жаза кері қайтарылмауы тиіс, - деді Сенат басшысы.
Рейтинг газеті