Әкімдердің өкілеттігі тоқтатылды

Қысқаша

Тоқаевтың президенттік қызметіне кірісуімен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және барлық барлық облыс әкімдерінің өкілеттігі тоқтатылды.

акимдердин.jpg

Ақорданың ресми сайтында Тоқаевтың осы жөніндегі қаулысы жарияланды. Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты шығарылып отыр. 

 

Қаулыда:

 

-Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын,  -делінген.

 

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары да тиісті басшылар  тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.

 

Қай әкімнің қызметінде қалып, қайсысының кететіні осы аптада белгілі болатын шығар.

 

Рейтинг газеті