4 жоба жүзеге асырылды

Қысқаша

Өндіріске бейімдеу Созақ ауданында соңғы жылдары бау-бақшаға деген қызығушылық арта түскен. Нәтиже де жоқ емес. Ауданда «Alma resort» серіктестігі 2011 жылы алма ағаштарын отырғызған болатын. Бүгінде 15 гектар аумақты алып жатқан бақта алманың «Голден дел

Соза.jpg

 Ауданға жасаған сапарында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев баумен қатар, бақша өнімдерін өндіруді қолға алу  қажеттігін тапсырды. Өңірде түйе шаруашылығын дамытып, шұбат өнімін арттыру да маңызды шаруа. Бұл орайда Шолаққорған ауылындағы мал бордақылаумен айналысатын «Ғажап» шаруа қожалығы мүйізді ірі қара, жылқы, қой мен түйе малын өсіруде. Тіпті таза қанды ағылшын тұқымдары да бапталуда. Қожалықтың меншігінде 200 гектар жайылым жер бар.

 

Сөзіміздің басында айтқандай өндіріске бейімдеу аудандағы индустриалды аймақта бүгінге дейін 4 жоба жүзеге асырылған. Жалпы жер көлемі 50 гектар болатын аймақтағы жобалардың бірі - «UKO-S Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС. Аталған мекеме 2017 жылы жұмысын бастаған. Техникалық майларға арналған темір бөшке шығарумен айналысатын жобаның жалпы құны 337 млн. теңгені құрайды. Жылына 120 мың дана бөшке шығаруға қауқарлы кәсіпорында 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Дархан-АС» өндірістік кооперативінің «Ас тұзын өңдеу зауыты» да индустриалды аймақтың аумағында жұмыс істеп келеді. Аталған зауыт 2015 жылы іске қосылған. Жобаның инвестициялық құны 210 млн. теңге, 3 гектар аумақта орналасқан зауыт жылына 9600 тонна ас тұзын өндіреді. Зауытта 14 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 50 мың теңге.

 

Рейтинг газеті