Жетісайдың жемісі

Қысқаша

​Бүгінде Түркістан облысы халқының еңбекқорлығы мен табиғи-климаттық мүмкіндігін елімізге, сондай-ақ алыс-жақын шетелге Жетісай және Мақтаарал сынды жемісі мен көкөнісі ерте пісетін аудандар танытуда. Қазақстанның солтүстік өңірлері, Ресейдің астанасы Мәс

Жесай2.jpg

 Өткен аптада журналистер тобы Жетісай ауданында болып, егістік алқаптарындағы қызу еңбектің куәсі болып қайтқан-ды. Мысалы,  жеке кәсіпкер, диқан Ғабит Сабденов биыл 30 гектарға қауын еккен. Шаруа қожалығы өнімнің 90 тоннасын Мәскеу қаласының сауда орталықтарына жөнілтіпті. Биылғы егістік жұмыстарын ерте бастаған диқан 30 гектар егістік алқапқа 250 мың түп қауын көшеттерін 8 наурыз күні  отырғызған. Оның 15 гектары қауынның «F-1 дакара», 15 гектарын «аэропорт» сорты. Күтіп-баптау жұмыстарының дұрыс жүргізілуінің нәтижесінде  қауын 70 күнде жетіліп шыққан.

 

Атамекен ауыл округі Атамекен ауылының диқаны Бауыржан Қабырқұлов жетекшілік ететін қожалық 4 гектар жерге екі қабатты кленкамен қарбыз көшеттерін отырғызыпты. Қазіргі таңда диқан  75 күнде пісіп, жетілген қарбыздың әр келісін 150 теңгеден саудалауда. Гектарына шамамен 25 тоннаға жуық өнім алып жатыр екен. Диқан қарбызды негізінен көршілес Ресей мемлекетінің Новосібір қаласының сауда орталықтарына жөнелтуде екен. Осы Атамекен ауыл округі Мақташы ауылында орналасқан «Арсенал-Сад» ЖШС-нің бау-бақша алқабында жалпы көлемі 380 гектар қарқынды бау жайқалып тұр.  Оның 90 гектарын алма, 110 гектарын жүзім, 12 гектарын өрік, 168 гектарын шабдалы, шие, анар секілді жеміс-жидектер құрайды. «Арсенал-Сад» ЖШС-нің агрономы Ерлік Сәдібековтың айтуынша, өріктің бағасы келісіне 700 теңгеден босатылуда.  Сондай-ақ, серіктестік 12  гектар алқаптың әр гектарынан 20 тоннаға жуық өрік эжинауды көздеп отыр.

 

Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың мәлімдеуінше, жалпы биыл 15813 гектарға жуық егістік жерге бақша дақылдары егілген. Атап айтсақ,  8771 гектарға ерте егілген пленкалы қауын, 4135 гектар жерге қарбыз дәні себілген.  Бұдан бөлек, 742 гектарға ашық қауын мен 165 гектарға қарбыз отырғызылған. Жеміс-жидек, көкөністен табыс тауып келе жатқан ауданның орталығы Жетісай қаласында жаңа шағын аудан бой көтермек.  Бүгінде жобалық сметалық құжаттары толық аяқталған шағынаудан 80 гектар аумақта орналасатын болады. Онда 20 көпқабатты тұрғын үй, 1200 орындық мектеп, балабақша, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар салынады. Орталықтың өзіндік жеке газ жүйесін реттеуіші, ауыз су мұнарасы, жылу қазандығы, подстансасы салынатын болады.


Рейтинг газеті