Алаяқ жазасын алды

Қысқаша

Соңғы кездері алаяқтықтың түрі көбейіп келеді. «Ана шөптің тамыры, мына құстың ұясы жазылмас дертке шипа екен» деп, елді алдап, ақша табу жиілеп тұр.

алаяк.jpg 

Түркістан облысының полицейлері «мияның тамырын сатып, жақсы табыс табамыз» деп халықты алдап, алаяқтық жолмен ақша таппақ болған алаяқты жауапқа тартты.

 

Түркістан облыстық полиция департаментінің таратқан ақпаратына қарағанда, 32 жастағы алаяқты қолға түсіруге жәбірленушілердің арызы себеп болған. Шымкент қаласында тұратын күдікті 30 миллион теңгеден астам ақшасын алдап алып кеткен. Тергеу барысында сезіктінің осындай  сылтаумен өзгелерден де  16,5 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырғаны анықталды.

 

Мақтаралдық полицейлер жедел іс-шара барысында алаяқтық жасап жүрген күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу барысында оның 5 алаяқтық фактісіне қатысы бары және тапқан ақшасын  өз қажеттіліктеріне жұмсағаны дәлелденді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.  Қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Сот үкімімен 32 жастағы сотталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Рейтинг газеті