140 елдің ішінде Қазақстан 66-орынға орналасты. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады.
Қазақстан өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда (2018 жылғы 4 тоқсан -69,5) елдік тәуекелдердің көрсеткіштерін жақсарта отырып, 69,8 балл жинады.
“PRS Group” елдік тәуекелдердің рейтингі үш блоктан тұрады: саяси, экономикалық және қаржылық тәуекелдер.
Көп жағдайда рейтингтегі осындай ілгерілеу саяси тәуекел компоненттерінің бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлық бойынша көрсеткішті жақсарту есебінен мүмкін болды. Ол 0 – ден 6-ға дейінгі шкала бойынша сарапшылармен бағаланады, онда 0-сыбайлас жемқорлықтың ең жоғарғы деңгейіне, ал 6 - ең төменгі деңгейіне сәйкес келеді.
Қазақстан ТМД-ның барлық елдерін сенімді басып озуда (Ресей – 1,5, Әзірбайжан - 1,5, Беларусь – 2, Армения - 2 балл).
Сонымен қатар, “PRS Group” рейтингісінде біздің еліміз Бразилия (2), Сербия (2), Тайланд (2), Латвия (2,5), Грекия (2,5), Малайзия (2,5), Түркия (2,5), Індістан (2,5) сияқты мемлекеттерден асып түсті.
Қазақстанмен бір орында Италия, Польша, Венгрия, Чехия және Хорватия орналасқан.
Рейтинг газеті