Сонымен қоса, теледидар мен радиодағы бүкіл ойын-сауық контенті шектеліп, кез келген концерттік және өзге де іс-шаралар, көңіл көтеретін орындар белгілі бір нормамен жұмыс істеуі керек. Архивтік материалдарды еркін зерделеу, ғалымдардың архивтік құжаттарды талдау және жариялау мүмкіндігін алуы, конференциялар, симпозиумдар өткізу үшін жағдай жасай отырып, сол жылдардағы оқиғаларға объективті әрі толық зерттеу жүргізу қажет. Қуғын-сүргінге ұшыраған және қайтыс болған отандастарымыздың атын қалпына келтіру, ал қажет болған жағдайда, оларды ақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылуы тиіс,- деді кешегі күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Н. Дулатбеков.
Депутат Ікімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықоваға жолдаған депутаттық сауалында қуғын-сүргін мен ашаршылық туралы деректердің қолжетімді еместігін атап өтті.
«1997 жылдан бастап жыл сайын еліміздің тұрғындары Қазақстан аумағында және оның шегінен тыс жерде билік тарапынан қуғын - сүргінге ұшыраған барлық адамдарды еске алып, лагерлерден қайтып оралмаған немесе аштан қайтыс болған туыстары мен жақындарын, тағдырдың айдауымен жер аудару кезеңінде қазақ жерінде болған миллиондаған адамдарды еске алады. Жапа шеккендерді өз Отанында қарсы алған қазақ халқы оларға қол ұшын беріп, қолдау көрсетті, тағдыр тәлкегіне қалдырмай, қиын өмірлік жағдайда аман қалуға көмектесті. Өкінішке қарай, қуғын-сүргін, жер аудару құрбандарының, лагерь тұтқындарының тағдыры туралы толығырақ білу көпшілік жағдайда мүмкін емес. Қазіргі уақытта көптеген құжаттар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында, ішкі істер органдарының архивтерінде жатыр. Мемлекетіміздің тарихына қатысы бар архивтер мен қорлар кешенді түрде зерттеліп, оларға терең талдау жүргізілуі және осы зерттеу нәтижелері халықтың назарына жеткізілуі тиіс деп санаймыз», - деді депутат.
Осы сарындас сауалдар, өтініштер бұған дейін де айтылғанымен, «баяғы жартас сол жартас...»
Рейтинг газеті