Бергей-саяси босқын

Қысқаша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның төрағасы Қайрат Сөнтаев Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқали пен оның бауыры, экс-мәжілісмен Аманжан Рысқалидың ұрлаған ақшасын елге қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жария е

бергей.jpg

 

Төрағаның айтуынша, Рысқалиевтер Еуропадағы Андорраға 14 миллион,  Швейцарияға 90 миллион долларды алып кеткен. Экс-әкім шетелге бұдан да көп қаржы әкетуі мүмкін екен. Құзырлы органдар дер кезінде оның жолын кескен. Ағайындылардан 3 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленген. Бір ғана  Атырау облысы мен Ақтөбе облысында орналасқан жылжымайтын мүліктердің саны  170-ке жеткен.

 

-Кінәлі азаматтардан заңсыз келісімшарттардың негізінде түскен 12 миллиард теңге тәркіленді, - деді Сөнтаев баспасөз мәслихатында.

 

2019 жылдың қаңтарында сот үкімімен Бергей Рысқали 17 жылға, Аманжан Рысқали 16 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ағайындылар 2012 жылы Қазақстаннан қашып кетті.

 

БАҚ-та жаияланған кейбір мәліметтерге қарағанда, Бергей Рысқали Ұлыбританиядан саяси босқын мәртебесін алған.

 

Рейтинг газеті